Түлкібас АПБ-нің тергеушілер мен анықтаушылары тарапынан қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Аталған шара барысында жергілікті тұрғын, көп балалы анаға көмек көрсетілді. Яғни, азық-түліктер және киім кешектер табысталды. Сонымен қатар бүлдіршіндеріне сый-сыйяпаттар тарту етіп, ұл-қыздарын қуанышқа бөледі-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде көпбалалы ана полиция қызметкерлерінің игі істеріне көңілі толқып, шынайы ризашылығын білдірді. «Мен, Түлкібас ауданының тұрғынымын. 4 балам бар. Осы жерде жалдамалы пәтерде тұрамыз. Түлкібас АПБ-нің тергеушілері мен анықтаушыларына өз алғысымды жеткіземін. Қолдау білдіріп, көмектесіп жатқандарына.»
Түлкібас ауданының полицейлері мұндай қайырымдылық шараларын дәстүрге айналдырған. Яғни, тәртіп сақшылары кез келген қиын шақта тұрғындардың жағдайы жақсаруы үшін кішкене де болса өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың, адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетуде. Ең бастысы, еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін болсын.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




