102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

24 февраля, 2022
0
Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

Бүгін Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн-көрсетілім форматында брифинг өтті. Брифингте, Түркістан облысындағы тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында орналастырылған бейнебақылау камералары туралы айтылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бұл тақырып бойынша спикер ретінде Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков қатысып, облыс тұрғындарына хабарландыру жеткізді. Яғни полиция полковнигінің айтуынша, облыс орталығы – Түркістан қаласына 30 жылдамдық өлшегіш пен 26 көше қиылысына орнатылған «Сергек» жылдамдық өлшегіш құрылғысы 2022 жылдың 1 наурызынан бастап іске қосылады. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Тауке-хан, Саттарханов даңғылдарымен, Қызылорда тас жолы «Газпром» АЗС тұсында, Кентау тас жолы, Атабай тас жолы, Балтакөл тас жолы, Шымкент тас жолдарында. Сондай-ақ Жібек Жолы, С.Ерубаев, Б.Майлин, Майкотов, Самара М32 Шымкент, С.Қожанов, Қарадауов, Мега орталығы тұсында, Қазыбек би, Жарылқапов, Алтынсарин, О.Жандосов, Тәуелсіздік 10 жылдық, Бірлік, ШектіТілеу, Әль-фараби, Сандыбай көшелері қиылыстарындағы бейнебақылау камералары жұмыс істемек.

Брифинг барысында А.Тастанбеков: «Қазіргі таңда облыс бойынша 28 зияткерлік жүйелер іске қосылған. Оның шінде 23-і тұрақты және 5 құрылғы жылжымалы. Бұл зияткерлік жүйелер Түркістан қаласымен қатар облыс аумағынан өтетін республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға орнатылған. Аталған бейнебақылау камералары жол-көлік оқиғалары орын алған уақытта дер кезінде анықтап, жедел шаралар қолдануға септігін тигізеді. Сонымен қатар бұл құрылғылар арқылы облыс полицейлеріне құқық бұзушылықтарды анықтауға және қылмыстарды тезірек ашуға әрі оның салдарын еркін анықтауға мүмкіндік береді»-деп атап өтті. Сондай-ақ тікелей эфир кезінде желі қолданушылары тарапынан 50-ге тарта сұрақ келіп түсіп, полиция полковнигі А.Тастанбеков тарапынан сол сәтте нақты жауаптар берілді.

Ендігі кезекте, көлігіңіздің жарығы жағылмаса, қауіпсіздік белдігі тағылмаса, қандай да бір жол қозғалысы ережесі бұзылса, мұның барлығы бейнебақылау камераларының назарынан тыс қалмайды. Осыған байланысты облыс полицейлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаңыздар деп ескертеді.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушісінен есірткі затын тапты

Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушісінен есірткі затын тапты

Түркістандық полицейлер  ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Түркістандық полицейлер ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым