Сайрам АПБ-на жергілікті тұрғын арызданып, өзінің бос жер телімінде тұрған ток бағаналарын белгісіз біреулер ұрлағанын жеткізеді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт АПБ-на тіркеліп, ҚР ҚК-нің 188-бабымен енгізіледі.
Ұрлық қылмысы бойынша ақпарат алысымен полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетеді. Полицейлер тез арада әрекет етіп, ұрлықтың үстінен түседі. Нақтырақ айтсақ, полицейлер келген кезде күдікті 3 дана ток бағаналарын бұзып, арнайы жалдаған көлікпен артып алып жатқанын көреді. Осылайша күдікті тұрғын аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Тергеу барысында анықталғандай, көршісі жәбірленушіге хабарласып, оның бос жатқан жеріндегі бағаналарын белгісіз біреулер алып жатқанын жеткізеді. Ал, күдікті өз жауабында токсыз тұрған бағаналардың егесі жоқ екен деп ойлап, өзінің бас пайдасы үшін алмақшы болғанын мойындады. Бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың немесе басқа қылмыстың құрбаны болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




