102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан қаласында «мемлекеттен жәрдемақы алып беремін» деп, бірнеше тұрғыннан ақша алған жұмыспен қамтудың бұрынғы қызметкері, алаяқтыққа күдікті ер азамат ұсталды

18 ноября, 2020
0
Түркістан қаласында «мемлекеттен жәрдемақы алып беремін» деп, бірнеше тұрғыннан ақша алған жұмыспен қамтудың бұрынғы қызметкері, алаяқтыққа күдікті ер азамат ұсталды

Бүгінде бөтеннің сеніміне кіру арқылы алдап, алаяқтық әрекеттерін іске асыратындар қатары аз емес. Түркістан облысының полицейлері осындай оңай жолмен ақша табатын талай алаяқтарды ұстап, олардың жолын кесуде. Мәселен, Түркістан қаласының полицейлері мемлекеттен жәрдемақы алып беремін деген желеумен бірнеше тұрғындардың ақшасын жымқырған жұмыспен қамту орталығының бұрынғы қызметкерін күдікті ретінде ұстады-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың қараша айында Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны мемлекеттік қызметкерге «мемлекеттен жәрдемақы алып беремін» деген сөзіне сеніп, 55 000 теңге берген. Арада бір жыл өтеді, қызметкерге бірнеше рет жолығып, ақшасын талап етеді. Алайда қызметкер жұмыстан шығып кеткенін сылтауратып, уәде еткен жәрдемақыны да, тұрғынның берген ақшасын да қайтармайды. Сан соғып, оңбай алданғанын түсінген жәбірленуші ҚПБ-ға арызданып, полицияның көмегіне жүгінді.
Сондай-ақ осы секілді арызбен полицияға тағы да бір тұрғын шағым түсіріп, алаяқтың арбауына түскенін жеткізді. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Қалалық полицейлердің жедел іздестіруінің нәтижесінде күдікті ер азамат ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, жұмыспен қамту орталығының бұрынғы қызметкері болып шықты.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Себебі күдіктінің тағы да бірнеше жайттарға қатысы болуы мүмкін. Күдіктінің бас шарасы «қолхатта».
Түркістан облысының полицейлері алаяқтардаң құрғақ сөздері мен жалған уәделерінен сақ болуды ескертеді. Егерде алаяқтардың қылмысының құрбаны немесе куәсі болсаңыз «102» нөміріне хабар беріңіз!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері 100 жастағы тұрғынға құжатын жаңартып беріп, алғыс алды

Түркістан облысының полицейлері 100 жастағы тұрғынға құжатын жаңартып беріп, алғыс алды

Түркістандық полицейлер аккумулятор ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай» ұстады

Түркістандық полицейлер аккумулятор ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай» ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым