102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Түркістан қаласының оқушылары Полиция департаментінің бастығы генерал М.Қабденовпен бірге экскурсия жасады

14 апреля, 2022
0
Түркістан қаласының оқушылары Полиция департаментінің бастығы генерал М.Қабденовпен бірге экскурсия жасады

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы аясында және ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бастамасымен «Мен және менің полицейім» акциясы бойынша Түркістан облысының полицейлері облыс орталығының оқушылары үшін қызықты экскурсия ұйымдастырды.

Оқушыларды облыстың бас полицейі — Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қарсы алып, полиция қызметі туралы айтып берді.

Бірінші кезекте балаларға жедел басқару орталығы көрсетілді, онда көшелердің қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша тәулік бойы бейнебақылау жүргізіледі. Генерал-майор М.Қабденов оқушыларға полицейлер нақты уақыт режимінде көшелер мен жолдардағы жағдайды бейнекамералардың көмегімен қалай бақылап отырғанын, жедел міндеттерді шешу үшін полиция нарядтарын қалай басқаратынын және қылмыстарды «ізін суытпай» ашатынын айтты.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары оқушыларға бейнебақылау камераларын «басқару тетігі» арқылы басқару мен бейнекамералардың қаншалықты деңгейде ЖБО-ға қосылғанын, күнделікті оқушылардың өзі оқитын мектептерін полицейлер камера арқылы бақылап отыратын шынайы көрді. Тіпті таңданыстарын жасырмай, полиция генерал-майоры Мұрат Талапұлына полицияға қатысты сұрақтарын жаудырды.

Өз кезегінде облыстың бас полицейі полициядағы жұмысқа, құқық бұзушылықтардың қалай анықталатынына және қызметтің перспективаларына қатысты көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар оқушыларға полицей мамандығының қыр-сырын айтып, өз жұмысының қызықты жағдайларымен бөлісті.

«Балалар сендерге ата-аналарың мен мына еліміз үлкен үміт артып отыр. Себебі жасалып жатқан жағдайдың барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін. Сендер тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысаңдар келешекте нағыз майталман маман боласыңдар. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші, қажетті білім алсаңдар, сендердің арман мақсаттарың да тез орындалады. Полицей болу үшін де бірінші кезекте өзіңді тәрбиелеуің керек. Жан-жағыңа, достарыңа үлгі-өнеге болып, әрқашан достыққа адал, ұқыпты да шыншыл болуларың қажет. Полиция сендердің тыныш ұйқыларың үшін күндіз-түні қызметте!», — деді полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов.

Бұдан әрі полиция қызметкерлері оқушыларға мобильді байланыс кешенінің жұмысын көрсетті, «рухани Астананың» көрікті жерлерін аралайтын тұрғындар мен туристерге жедел түрде байланысқа шығу үшін жасалған 102 пультіне қоңырау шалып, көмек шақыруға көмектесетін ең белсенді жерлерде орналасқан «SOS кнопкасын» көрді.

Батырма арқылы полицейлермен байланысқа шығып, ерекше әсер алды.  Сондай-ақ оқушылар мобильді стационарлық полиция бекетіне және Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына барды. Себебі балалардың арасында арнайы есепке қойылған жоғары сынып оқушылары да бар. Ер балаларға УҰИ-да қылмыс жасаған азаматтардың отыратын орны көрсетіліп, полицейлердің түсіндірмелері тыңдалды.

Соңында оқушылар экскурсияның танымды болғанын және қиын әрі өте маңызды мамандыққа жаңаша қарауға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов жас буынға мықты денсаулық пен оқуда табыс тілеп, естелікке суретке түсті.

 

ShareTweetPin
Next Post
Полицейлер үйінде сора  өсірген тұрғынды анықтады

Полицейлер үйінде сора өсірген тұрғынды анықтады

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған шымкенттік жүргізушіні анықтады

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған шымкенттік жүргізушіні анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым