Ордабасы АПБ-нің ЖПҚ УПИ полиция аға лейтенанты Бақытжан Тұрсынбаев аумақты аралап, тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, Ордабасы ауданы тұрғынының үйінің ауласындағы бақша ішінде есірткі өсіретіндігін анықтаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы «Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру» бойынша СДТБТ-ға тіркелді.
Ордабасы АПБ-ның жедел-тергеу тобы хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында күдіктінің ауласынан түбі қопсытылып, суғарылып, күтіп-бапталған 5 түп жасыл түсті, өзіне тән айрықша хош иісі бар, есірткіге ұқсас өсімдік заты анықталды. Айғақты зат ретінде тәркілеп алынып, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдік «сора» болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау және тасымалдау қылмыстық жауапкершілікке тартылатындықтарын ескертеді.




