Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін «Мақтаарал мүгедек балаларды оңалту орталығына» барды. Яғни, полиция бөлімі басшылығының бастамасымен ерекше балаларға арналған шағын мерекелік шара ұйымдастырылды. Ем қабылдайтын балақайлар қонақтарға арнап өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен бірігіп түрлі әндер шырқады. Ал тәртіп сақшылары балалармен ашық сұхбат жүргізіп, оларды мерекемен құттықтады, балаларға базарлық ретінде ойыншықтар мен тәттілерін сыйлап, қуантты.
Іс-шара соңында мемлекеттік мекеме басшысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі. «Қарбаласқа толы қызметтеріңізге қарамастан, уақыттарыңызды бөліп, біздің балалармен бірге болғандарыңызға рақмет! Сіздердің де отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға абырой тілеймін!»-деп атап өтті орталықтың басшысы.
Түркістан облысының полиция қызметкерлері үшін балалар үйінің, әлеуметтік орталықтардың қамқорлығына алынған ұл-қыздарына қолдау көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру, олармен дос болу бағытында іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып тұрады. Ең бастысы балалаларымыз әрқашан осылай қуанып, шат-шадыман болып жүрсе болғаны!




