Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысының полицейлері «Instagram» парақшаларының бірінен жол қозғалысы ережесін бұзушының бейнежазбасын анықтады. Аталған жазбадан жас жігіттердің белгісіз көлікпен тұрғындар демалатын саябаққа қарай кіріп бара жатқан сәтінің үзіндісі ғана көрініп тұр. Яғни қоғамдық тәртіпті бұзғанын байқауға болады. Оқиға Түркістан облысының полицейлері оқиғаның Арыс ауданында болғанын тапты.
Осы жайт бойынша Арыс АПБ-нің полицейлері тез арада әрекет етіп, Арыс қаласының тұрғыны «ВАЗ 2107» автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Жас жігітке қатысты ӘҚБтК-нің екі бабы: ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын 2-бөлігі «Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу» және 612-баптың 2-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа қойылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысының жүргізушілері мен өзге де қатысушыларына ЖҚЕ сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеді. Маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, жылдамдықты асырмаңыз, қарсы бағытқа шықпаңыз және қоғамдық тәртіпті бұзбаңыз.




