Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге жағдай жасайды. Ал Түркістан облысының тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғаларының алдын-алу, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру, апатты жайттардың алдын-алу мақсатында жүйелі жұмыс жасауда. Сонымен қатар қажетті жол белгілерін жаңартып, жергілікті әкімдікке ұсыныстар беріп отырады.



Мәселен, Кентау қаласының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылдың 3 айында автокөлік жолдарында 53 кемшілік анықталған. Сондай-ақ тиісті мекемеге 55 ұсыныс-хат жолданған. Жыл басынан бері кемшіліктерге жол берген және берілген тапсырмаларды дұрыс орындамаған 1 мекемеге ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабымен 3-бөлігімен (мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары – өздерінің құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды,қаулыларды орындамау) әкімшілік шара көрілген. Және ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігімен (жолдарда жұмыс жүргізу,жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылыс жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды ҚР-ның жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау) 3 жеке тұлғаға әкімшілік айыппұл салынған.
Сондай-ақ қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, 34,6 шақырымға, яғни қаланың 19 көшесіне жол таңбалау, 222 жерге жаяу жүргіншілерге арналған жол таңбаларын жаңарту жұмысы жүргізілуде. Жоғарыда жасалып жатқан жұмыстардың барлығы жол қозғалысы ережесін сақтауға тікелей ықпал етпек. Мұндай жұмыстар полицейлер тарапынан әрі қарай да өз жалғасын таба бермек.




