Кентау қалалық ПБ-нің қызметкерлері республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде. Шара барысында біршама құқық бұзушылықтар анықталды.
Мәселен, полиция қызметкерлері Кентау қаласы ауылдарының маңайында орналасқан мал қораның бірін тексеру кезінде тегіс ұңғылы 16 калибрлі аңшы мылтығын тапты. Содан тәртіп сақшылары қаруды тексеру кезінде оның ҚР Ішкі істер органына тіркелмеген, яғни заңсыз екенін анықталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» хаттама түзіліп тіркеуге алынды. Қазіргі таңда аталған іс сотқа жолданып, құқық бұзушы азаматқа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының полицейлері ерікті түрде тіркелмеген қаруды ішкі істер органдарына тапсыруға кеңес береді. Егер сізде қаруды заңсыз сақтау мен сату жайттары туралы ақпарат болса, тез арада полицияға хабарласыңыз.




