102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

Түркістан облысының бас полицейі мереке қарсаңында 30-дан астам шенді аруды марапаттады

4 марта, 2022
0
Түркістан облысының бас полицейі мереке қарсаңында 30-дан астам шенді аруды марапаттады

Бүгінгі күні шенді арулар, ерлермен қатар Полиция департаментінің барлық бөлімшелерінде қызмет атқарады. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер, жедел уәкілдер, ювеналдық полиция қызметкерлері және учаскелік полиция инспекторлары бар. Нәзік жандылар күнделікті қиын  қызметтерін абыроймен атқарып, қатал көрінгенмен,  жүректерінде  мейірімділік және нәзіктік үлгісі өшпейді. Осынау айтулы мереке қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінде қызмет атқаратын полицей қыз-келіншектерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры  Мұрат Қабденов:

«Әйел сұлулық пен әдеміліктің белгісі. Қазақ тарихында қыздарымыз сұлулықтың ғана емес, адалдық пен ақылдылықтың символы болған. Тәуелсіздік алғаннан бері қоғамда әйелдердің маңызы арта түсті. Барлық салада әйелдердің өз үлестерін қосып, қызмет етіп жүргенін ерекше атап өтуге болады. Оның ішінде ішкі істер саласында да ерлермен бірдей қызмет атқарып жүрген шенді арулар бар. Сондықтан барша аналар мен қыз-келіншектердің, апа-әжелереміз бен қаракөз қарындастарымыздың мерекесі құтты болсын. Отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Ел үшін адал қызметімізді жалғастырудан шаршамайық!!!», — деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Осылайша полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов өз құттықтауын жеткізген соң, 30-дан астам полицей аруға марапат пен алғыс хаттарды табыстады.

Атап айтсақ, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге байланысты және өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ҚР ІІМ-нің Құрмет грамотасымен полиция капитаны Ақнұр Бекбутаева марапатталса, Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін медалі полиция подполковнигі Жанар Қалабаеваға табысталды. Сонымен қатар  І дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен полиция майоры Жанат Хманова, полиция капитандары  Жанерке Ибраимова, Айгерім Төрегелдиева және Жанна Шалбековалар марапатталды. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Алғыс хатымен полиция майоры Ләззат Әбубәкірова, Нұрсәуле Байдабекова және тағы осы бұйрықпен 7 қызметкерге Алғыс жарияланды.

Сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына полиция майоры Меруерт Әбдіқадырқызы,  полиция капитаны Жұлдыз Жорабаева, полиция лейтенанты Жансұлу Шәріпбек ие болды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Алғыс хатымен Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Гүлнар Абдужаппарова және полиция лейтенанты Баян Лесбек, Түркістан қалалық бастауыш ардагерлер ұйымының мүшесі Асия Бекбауова мен Мария Досыбековалар марапатталып, дәл осындай бұйрықпен 16 қызметкерге Алғыс жарияланды.

Осы тұста бізде тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі – 8 наурыз мейрамымен құттықтаймыз.

 

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының бас полицейі қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайлары мен туыстарына мерекелік сыйлықтар табыстады

Түркістан облысының бас полицейі қызмет бабында қайтыс болған полицейлердің жұбайлары мен туыстарына мерекелік сыйлықтар табыстады

Түркістан облысының полицейлері департамент бастығының тапсырмасымен қызметте қаза болған әріптестерінің жұбайын құттықтап қайтты

Түркістан облысының полицейлері департамент бастығының тапсырмасымен қызметте қаза болған әріптестерінің жұбайын құттықтап қайтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым