8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов облыстық департаменттегі барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, сый-сияпаттар ұсынған болатын. Департамент ғимаратына жұбайлары қызмет барысында қаза болған нәзік жандыларды, олардың туыстары мен жақындарын арнайылап шақырып, құттықтады.
Сонымен қатар барлық қала, аудандағы тәртіп сақшыларына осындай аналарды ұмытпай, назарға алып, құттықтауды тапсырған болатын.
Сондықтан наурыздың бірінші аптасынан бастап облыстың полицейлері қаза болған әріптестерінің үйлеріне барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Бірі полиция ғимаратында іс-шара ұйымдастырып, соның құрметті қонағы етсе, енді біреулері тікелей шаңырақтарына аялдап, құттықтады.
Мәселен Төлеби ауданына департамент бастығының тапсырмасымен барған орынбасары А.Қалдарбеков қызметте қаза болған полицейдің жұбайын құттықтады.
Полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков асыраушысынан айырылған ана Бахтыгүл Құлтаеваға Департамент бастығы М.Қабденовтің сәлемдемесі мен құттықтауын жеткізді.
Мереке қарсаңында ұмытпай, ескеріп құттықтау жолдаған ТО ПД бастығы М.Қабденовке және Төлеби АПБ бастығы Б.Жанаевқа алғысын айтты.
Айтып кетер болсақ, Бахтыгүл Құлтаева Төлеби ауданында адал қызмет еткен тәртіп сақшысы полиция подполковнигі Құлтаев Рахат Омарханұлының жары.
Рахат 14.06.1974 жылы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол өзінің ішкі істер органындағы қызметін 1996 жылы 13 маусымда бастаған. Сол уақыттан бері қиын да абыройлы қызметтің нағыз маманы ретінде өз міндетін жауапкершілікпен атқарған. Қазығұрт пен Төлеби аудандық полиция бөлімдерінде криминалдық полиция бөлімшелерінің бастығы лауазымында да қызмет істеп, өзінің іскерлігімен көзге түскен. Еңбегі басшылық тарапынан еленіп, бірнеше марапат пен мадақтарға қол жеткізген. Алайда сұм ажалдың кесірінен 2020 жылдың 6 мамырында 46 жасында қайтыс болды.
Бүгінде оның артында жан-жары Бахтыгүл, қос қызғалдағы Диана мен Данара атты қыздары және ізбасар ұлы Мирас қалды.




