102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2 снаряд пен 8 қаруды тәркіледі

3 марта, 2022
0
Түркістан облысының полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 2 снаряд пен 8 қаруды тәркіледі

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес Түркістан облысының аумағында атыс қаруын пайдалана отырып, қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, заңсыз сақталған тіркелмеген қаруды анықтауға, заңсыз қару айналымымен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстауға және қару иелерінің оны сақталуын тексеруге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Бес тәулік ішінде полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 2 снаряд, 8 атыс қаруы, оның ішінде 2 шолақ, 5 тегіс ұңғылы қару және 1 травматикалық тапанша тәркіледі — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мысалы, Келес ауданында учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғынның ауласынан снарядқа ұқсас затты тапты. Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны үйге көрші ауданнан металл алып келген, ал сұрыптау кезінде екі снарядты байқап, полицейлерді шақырған.

Аталған жайт Келес АПБ-ға тіркелді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен әскери бөлімнің қызметкерлері жетті. Полиция тәркіленген қауіпті құрылғыны жою үшін саперларға тапсырды.

Жетісай ауданында профилактикалық жұмыстар барысында Жетісай АПБ қызметкерлері жас жігіттен тіркелмеген «ОСА» маркалы травматикалық тапаншаны 4 патронымен тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінде полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп, барлық мән-жайды анықтауда.

 

Сонымен қатар, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары 700-ден астам қару иелерін тексеріп, 69 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде, ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы «Азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзу «- 27 және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы бойынша «Азаматтық, қызметтік, коллекциялық қаруды тіркеу (қайта тіркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу» 42 тәртіп бұзушыны жауапқа тартты.

 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысында 8 бас қой ұрлаған азамат 5 жылға  сотталды

Түркістан облысында 8 бас қой ұрлаған азамат 5 жылға сотталды

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым