Естеріңізге сала кетсек, 21-25 ақпан күндері аралығында Түркістан облысының аумағында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Шараның негізгі мақсаты — медициналық мекемелерде есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық қызметтің басқа түрлерін анықтау және жолын кесу болып табылады.
Іс-шара кезінде тәртіп сақшылары 19 дәріхананы, 10 қойманы, 6 өнеркәсіптік кәсіпорындар мен 5 медициналық мекемені тексерді. Полицейлер дәрі-дәрмектерді рецептісіз беру жағдайларына тосқауыл қоюға ерекше назар аударды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар айналымы саласындағы ережелерді бұзудың 3 дерегі анықталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұдан басқа, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі өткізудің 3 жайты, есірткі құралдарын заңсыз сақтаудың 5 жайты мен «ҚР ҚК 303-бабы бойынша есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу» 2 дерегі тіркелді.
Мәселен, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Түркістан облысы ПД Криминалдық полициясы мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД бірлесіп, Түркістан-Қызылорда тас жолында «Мерседес» маркалы автокөлікті тоқтатты. Жедел уәкілдер тексеру кезінде, жолаушының күртешесінің қалтасынан ішінде есірткі заты бар полиэтилен пакетін тапты. Күдіктінің айтуынша, ер адам есірткіні облыс орталығы тұрғындарының бірінен сатып алған.
Осылайша есірткі сатушының үйін тінту кезінде полицейлер, оның сарайынан ерекше хош иісі бар есірткі затына ұқсас екі полиэтилен түйіншегін тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, есірткінің жалпы салмағы 200 грамм болатын марихуана болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» мен ҚК-нің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша тіркелді. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Заңсыз айналымнан барлығы 200 грамнан астам есірткі заттары, заңды айналымнан 30 таблеткалы, 1000 ампулалы психотроптық дәрі-дәрмектер мен 1 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын ескертеді. Егер, сіз де, осындай құқық бұзушылық туралы қандай да бір ақпарат болса, тез арада полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.




