102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Түркістан облысының полицейлері бұрынғы жұмыс орнынан 3 тонналық цистернаны ұрлаған тұрғынды ұстады

23 февраля, 2022
0
Түркістан облысының полицейлері бұрынғы жұмыс орнынан 3 тонналық цистернаны ұрлаған тұрғынды ұстады

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне аудандағы шаруа қожалықтың бірінің иесінен арыз келіп түсті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, белгісіз біреулер шаруа қожалықтың  қоршалмаған жер учаскесінде тұрған темірден жасалған 3 тонналық тіркемелі темір цистернасын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлықты тез арада ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары оқиға орнына жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Барлық бейнебақылау камералары тексерілді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы күдікті 1 тәулік ішінде анықталды. Ол осы қожалықта жұмыс жасап кеткен бұрынғы жұмысшы болып шықты.

Анықталғандай, осы жерде жұмыс жасаған күдікті ер адам, ақша керек болып, арам ойы туындаған. Содан су тасуға арналған цистернаны сатып, пайда табамын деген ниетін жүзеге асырған. Арнайы трактор көлігін жалдап әкеліп, қараусыз тұрған цистернаны алып кеткен. Оны Сарыағаш ауданының тұрғынына 150 000 теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүгізілуде. Ал ұрланған цистерна айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарына, мал-мүлкіне абай болуды ескертеді. Қарапайым ғана қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ұрылардың жолын кесуге болады. Яғни тұрғын-үйіңізбен, басқа да кәсіпкерлік ғимараттарыңыздың толық қоршалғанын қадағалаңыз. Жарықтандырып, мүмкіндігінше бейнебақылау камераларын орнатыңыз.

ShareTweetPin
Next Post
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Түркістан қаласы аумағында «Автобус» іс-шарасы барысында тәулік ішінде жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан қаласы аумағында «Автобус» іс-шарасы барысында тәулік ішінде жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым