102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

23 февраля, 2022
0
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы барысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Түркістан ҚПБ Патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция аға лейтенанты Нұрлан Қалмаханов, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында түнгі уақытта патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, «ВАЗ-21063» маркалы автокөлікті тоқтатады. Облыс орталығы көшелерінің бірінде тоқтатылған көлік  жүргізушісімен тілдесу барысында, оның мас халде екеніне күдік туындайды. Жүргізілген медициналық тексеру қорытындысы да жүргізушінің мас күйде екенін растады.

Ал жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның 27.10.2020 жылы көлікті мас халде басқарғаны үшін ҚР ҚК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»  бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны айқындалды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алайда жас жүргізуші өзінің көлік басқару куәлігінен айырылғанына қарамастан, ішімдік ішкен күйі қайта рульге отырған. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атап өтсек, бүгінде облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы өткізіліп, түрлі құқықбұзушылықтар анықталуда. Шараның мақсаты – криминогендік ахуалды, қоғамдық тәртіпті қадағалап, алдын алу және болдырмау, көшелерде, адам көп шоғырланатын орындарда тәртіпті қадағалау, қылмыскерлерді ұстау, анықтау, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағандарды анықтау.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ішімдік ішіп, көлікке отырмаңыздар деп ескертеді!

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан қаласы аумағында «Автобус» іс-шарасы барысында тәулік ішінде жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан қаласы аумағында «Автобус» іс-шарасы барысында тәулік ішінде жалпы 25 әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан облысының полицейлері тәулік ішінде қоғамдық көлік жүгізушілеріне қатысты 17  әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері тәулік ішінде қоғамдық көлік жүгізушілеріне қатысты 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым