Түркістан облысында ағымдағы жылдың 21 ақпан күнімен 02 наурыз күндері арқылы «Автобус» іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара барысында Түркістан қаласы аумағында тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен жалпы 25 әкімшілік құқық бұзушылық жасалған — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багаждарды, және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойнша – 2, 590-бабы 7-бөлігі «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 4, 590-бабы 9-бөлігімен «мемлекеттік немесе міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару» — 2, 591-бабы «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 6 , 595-бабымен «Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау» — 3 хаттама түзілсе, 230-бабы «Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасауға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы» бойынша – 1, және өзге де баптармен – 7 әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ арнайы автотұраққа 2 қоғамдық көлік қойылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілеріне және жол қозғалысының өзге де қатысушыларына ҚР ЖҚЕ қатаң сақтауға және жолда абай болуға шақырады.




