102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Ет ұрлаймын деп, оқиға орнына қаруын тастап кеткен

21 февраля, 2022
0
Ет ұрлаймын деп, оқиға орнына қаруын тастап кеткен

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын  арызданып, үйіне ұры түскенін жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, түнгі уақытта белгісіз біреу оның сарайында ілулі тұрған жылқы етінен жасалған қазылары мен 15 келіге тарта қой етін қолды еткен. Ең қызығы, күдікті оқиға орнында өзінің атыс қаруын ұмытып кеткен. Аталған жайт Бәйдібек АПБ-ға ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркеуге алынған.

Жедел-тергеу тобымен оқиға орнына шыққан полицейлер, тез арада күдіктіні анықтау шараларын іске асырды. Учаскелік полиция инспекторларымен жан-жақты іздестіру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде небары 3 сағат ішінде күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстау шаралары атқарылды. Осылайша, жасырынып қашып жүрген жас жігіт, көшелердің бірінен ұсталды. Ол жергілікті тұрғын, ұрлық жасағаны үшін сотталып, 2021 жылдың күзінде ғана шыққан, пробациялық бақылауда тұратын жас жігіт болып шықты. Полицейлер оның үйінен айғақты зат ретінде ұрланған 15 келі етті алып, заңды иесіне қайтарды.

Анықталғандай, күдікті жәбірленушімен бір көшенің бойында тұрады. Яғни көршісінің жақында ғана мал сойғанын білетін ол, түнгі уақытта арам ойын іске асырған. Сол сәтте мас халде болғандықтан, оңай олжасы етті алып, өзімен бірге әкелген қолындағы қаруын оқиға орнына ұмытып тастап кеткен. Күдікті жас жігіт өз жауабында, қаруды тауып алғанын жеткізді. Бүгінгі таңда оқиғаның толық мән-жайы анықталуда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазір қаруға қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тергеу амалдары басталған. Және «Ұрлық» бабымен де тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмысы орын алмас үшін, барынша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді ескертеді. Мүмкіндігінше аулаңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатыңыз. Сарай, қора-жайлардың есігін мықтылап бекітіңіз. Мұндай сақтық шаралары ұрыны ауыздықтауға себеп болмақ.

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлері оқушыларға арнап сабақ ұйымдастырды

Түркістан облысының полицейлері оқушыларға арнап сабақ ұйымдастырды

Түркістан облысында өзінің соттылығына қарамай, қайта қылмыс жасаған күдікті құрықталды

Түркістан облысында өзінің соттылығына қарамай, қайта қылмыс жасаған күдікті құрықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым