Қазығұрт ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен О.Жандосов жалпы орта мектебінде оқушыларға арнайы сабақ өткізді.
Дәрістің мақсаты: балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың, суицидтің, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мен болдырмау.
Аталған шараға Қазығұрт ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, жастар ресурстық орталығының маманы, адами әлеуетті дамыту басқармасының әдіскері, аудандық орталық аурухананың гинеколог-дәрігері қатысты.
Жиын барысында өз баяндамаларын оқып, оқушыларға барынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Бала біздің болашағымыз. Бірақ сол болашақ жарқын болуы үшін олардың жаман әдеттен бойын аулақ ұстаулары, салауатты өмір салтын жастайынан ұстанып, отбасы мен мектепте дұрыс тәлім-тәрбие алу маңызды. Сонымен қатар жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуі керек. Кішігірім құқық бұзушылық пен қателіктің қылмысқа ұласуы мүмкін екенін жіті ұғынуы керек. Бұл ретте полицейлер сіздерді тыңдап, көмек қолын созып, құқықтық кеңес беруге, арыз-шағымдарыңыз болса қарауға әрқашан дайын!», — деп атап өтті кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Перизат Иманова.
Кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мәселелері талқыланды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.




