Сарыағаш АПБ-не 102 сымтетігі арқылы «Жібек жолы» шекара бақылап өткізу бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда «Минти» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасына қарай өтіп бара жатқан азаматқа үріп, бір белгі бергенін айтқан. Осы хабарлама бойынша Сарыағаш АПБ-нің шұғыл тергеу тобы аз уақыт ішінде шекара бекетіне толық құрамда жеткен-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында шетелдіктің үстіне киген киімінің сол жақ жеңіне жасырылған есірткі затын тапты. Тінту барысында жедел уәкілдер өзіне тән хош иісі бар 1 пакет есірткі затын тәркіледі. Сараптама қортындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты 8 грамға жуық кептірілген «марихуана» болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бүгінгі таңда күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтауда.
Түркістан облысы полицейлері есірткі қолданып болмаса өсіріп өзін ғана емес бүкіл қоғамды улау заң аясында жауапқа тартылатынын ескертеді. Қайта салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы әрекеттер жасап өмір сүруге шақырады.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




