Арыс АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол әйелдің айтуынша өзінің әкесінің үйінде тұратын жасөспірім қызы атасымен отбасылық түсінбеушілік салдарынан ренжісіп қалады. Содан соң анасы оны өзімен алып кету үшін Арыс қаласынан Шымкент қаласы бағытындағы таксиге отырады. Осы мезетте қызы анасына «су алып келемін»- деп көліктен түсіп кеткен. Сол бойы қайта оралмаған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты СДТБТ-ға тіркеді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел іздестіру тобы құрылып, кәмелет жасына толмаған қызды аз уақыт ішінде табуға кірісті. Содан соң жақын аймақтарды аралап шығып, куәгерлерден сұрастырды. Нәтижесінде,жасөспірім қыздың тұрған жерін анықтайды. Полицейлер қызды тәулікке жеткізбей құрбысының үйінен тауып, отбасына аман-есен қайтарды. Полиция қызметкерлерінің атқарған істеріне көңілі толған отбасы өз алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызды үнемі бақылап, қадағалап отырыңыздар деп ескертеді. Сондай-ақ, араласатын ортасын, достарын жақсы білу керек. Керек болса, достарының ата-аналарымен қарым-қатынас жасаңыздар деп кеңес береді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




