Кентау қаласы полиция бөліміне белгісіз азамат 102 нөмірімен хабарласып, көршісінің үйіне танымайтын тұлғалардың балкон арқылы заңсыз кіріп бара жатқанын хабарлайды. Полиция қызметкерлері хабар түскен сәтте оқиға орнына барады. Аталған үйде белгісіз ер адамның ұялы телефон, ноутбук және бағалы заттарды ұрламақ болып оқталған жерінен тәртіп сақшылары үстінен түсіп ұстап алады-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті ер азамат бұдан алдында осындай істермен айналысып жүргендігі белгілі болды. Күдікті ер азамат бұрын сотты болған.
Үйдің иесі өз сөзінде: «Үйімде ешкім жоқ кезде белгісіз азаматтың үйіме кіріп, бағалы заттарымды ұрламақ болған ұрыны дер кезінде ұстағандары үшін полиция қызметкерлеріне үлкен алғысымды айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» деп өз ризашылығын білдірді.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатуға кеңес береді.
Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек.Егер сіз бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі




