Қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша күзгі терім науқанына байланысты түрлі техникалық жүк көліктері, комбайндар мен түрлі тракторлардың жолға шығуына байланысты жолда орын алатын түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жол бойындағы тексерістер күшейтілуде.
Атап айтар болсақ, Жетісай ауданы ПБ қызметкерлері тұрақты түрде жүргізіп отырған рейдтік жұмыстары барысында түнгі сағат 22:30 шамасында Жетісай аудан көшелерінің қиылысында трактор тіркемесінің ешқандай жарық шамынсыз жүргендігін байқады. Тәртіп сақшылары аталған жайтқа байланысты жол жүріс ережесінің негізгі қағидаттарын бұзған тракторды айып тұраққа қойды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Рейдтік шара барысында Жетісай АПБ қызметкерлері жүргізушілерге жарық шамдары мен жарық қайтарғыш шамдары болу керек екендігі жайында ескертеді. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне шамадан тыс жылдамдықты арттырмай, ақауы болса мән беріп, қарсы жолға шығып кетпей, көліктермен жарыспай, бұрылыс жарықтарын жағып, қауіпсіздік белбеуін тағып, апатқа алып келетін әрекеттерге жол бермеу керектігін мұқият түсіндірді.
ТО ПД баспасөз қызметі




