Отырар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары аудан аумағында орналасқан білім беру мектеп-гимназияларында дөңгелек үстел өткізді. Атап айтқанда Жамбыл, Ш.Қалдаяқов, Ө.Жәнібеков, С.Әшіров атындағы орта білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне және жоғары сыныптың оқушы қыздарына әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі таңдағы карантин режиміне байланысты сақтық шаралары толығымен сақталды. Аталған шараға 80-ге жуық мұғалім, сондай-ақ 9-10-11 сынып оқушыларының арасында 150-ден астам оқушы қатысты.
Сондай-ақ Отырар ауданы полиция бөлімінің жанындағы азаматтарды қабылдау бөлмесінде жергілікті әйел тұрғындарды қабылдап, толғандырған сауалдарына жауап берді. Соған қоса аудан әйелдері арасында сауалнамалар жүргізілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жыл басынан бері әйелдерге қатысты өткізілген әрбір зорлық-зомбылыққа қарсы акциялар барысында облысымыздың тәртіп сақшылары қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасамауға, ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңес береді.
ТО ПД баспасөз қызметі




