Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол арызында ауылдық жерде егілген 43 гектарлық алма бақшасынан әр түрлі сорттағы алманың 8дана қорабын ұрлап кеткенін айтқан. Әр қорапта шамамен 9,5 кг ды құрайды.
Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Оқиға орнына Бәйдібек АПБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полицейлер жақын аймақтарды аралап, куәгерлерден және көршілерден сұрастырып, жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторлары алманы ұрлаған күдікті 2 азаматты «ізін суытпай» ұстады.
Тергеп тексеру барысында күдікті 2 ер азамат арызданушының қол астында істейтіндігі анықталды. Күдіктілер алманы алып өз пайдаларына жаратпақ болған. Алманы ұрлаған азаматтар кінәларын толықтай мойындады. Бас шаралары қолхатта Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қырағы болып, өздерінің бағалы мүліктерін сақтау үшін қауіпсіздік шараларын қабылдау қажеттілігін ескертеді. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіздер.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




