102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам және заң

Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде отбасылық той-жиын өткізудің 200-ден астам жайтын анықтады

8 октября, 2020
0
Түркістан облысының полицейлері карантин кезінде отбасылық той-жиын өткізудің 200-ден астам жайтын анықтады

Өздеріңізге белгілі елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты Түркістан облысында да мобильдік топтар жұмыс атқаруда-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мобильдік топ құрамына қала және аудан полицейлері, әкімдік қызметкерлері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мен кәсіпкерлік палата қызметкерлері жұмылдырылған. Жалпы облыстың қала, аудандарында құрылған мобильдік топтардың саны-53.
Ал, полицейлердің айтуынша облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемейтіндер қатары көп. Мәселен, Келес АПБ-нің тәртіп сақшылары кафелердің бірінде қыз ұзату тойы өтіп жатқандығын анықтады. Оқиға орнына мобильдік топпен полицейлер тез арада жетті. Тексеру кезінде тойға 60-қа жуық адам жиналғаны белгілі болды. Осылайша кәсіпкер мен той иесі заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзғаны айқындалды. Нәтижесінде той тоқтатылып, құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша хаттама толтырылған.
Осыған ұқсас тағы бір жайт Отырар ауданында анықталды. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан кафеде 60-қа жуық адам жинап, келін түсіріп, «Беташар» тойын өткізген. Той иесіне қатысты заңға сәйкес әкімшілік шара көрілді.
Жалпы бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы полицейлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен «Халықтық санитариялық-эпидемиологиялық, гигиеналық талаптарын бұзу» 2889 жайтты тіркеді. Оның ішінде 217 адам отбасылық той-жиын өткізіп, ұйымдастырғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында 64-і «Беташар» болса, 36-ы «Қыз ұзату» тойлары.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын сақтап, бетперде тағып, арақашықты сақтап, үнемі антисептик қолданып, адамдар көп болатын орындарға бармауға кеңес береді. Оған қоса, той өткізуге тыйым салынғанын естен шығармағайсыздар! Сондай-ақ аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпаңыздар дей келе, түсіндіру жұмыстарына құлақ асуға шақырады.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Полиция қызметкерлер дәмханаға кіріп ұрлық істеген күдікті ер азаматты ұстады

Полиция қызметкерлер дәмханаға кіріп ұрлық істеген күдікті ер азаматты ұстады

Полиция қызметкерлері бағалы заттарды ұрламақ болған күдіктіні қылмыс үстінде ұстады

Полиция қызметкерлері бағалы заттарды ұрламақ болған күдіктіні қылмыс үстінде ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым