Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Азаматшаның айтуынша сағат 11:30-дан 17:00 аралығындағы уақытта белгісіз адам үйінің ауласындағы қоршаудан секіріп өтіп, тұрғын үйіне терезе арқылы кірген. Содан соң жатын бөлмедегі «Халық банк» карточкасын алып шыққан.
Сондай-ақ аулада орналасқан қойма ішіндегі темір сейфтен 100 000 теңге ақшасын жасырын түрде алып, оқиға орнынан бой тасалағанын көрсеткен. Сондай-ақ ұры Банк карточкасындағы 110 000-ға жуық ақшаны шешіп алып , жәбірленушіге жалпы құны 210 000-дай шығын келтірген.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық » бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы оқиға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, тергеу амалдарын жүргізді. Осылайша ізін суытпай күдіктіні анықталып, оның тұрғылықты мекен-жайы белгілі болды. Сонымен қатар күдікті жәбірленушінің туыс інісі болып шықты. Ол ақшаларды ойынға тігу үшін алғанын мойындаған. Бүгінгі күні тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы ешқайда кетпеу туралы міндеттеме.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




