Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатады.Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру кезінде автокөліктің ішінде отырған жолаушы ер азаматтың қалтасынан ақ қағазға оралған хош иісі бар есірткіні артқы орындыққа тастап жібергенін көреді-деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен бір грамм болатын «кептірілген марихуана» болып шықты. Тәртіп сақшылары тергеу барысында күдікті азаматтың қазіргі таңда жұмыссыз екендігін анықтайды. Осы оқиға бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде азаматтарға құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз сақтағаны, сатқаны және өсіргені үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады.
Түркістан облысының баспасөз қызметі




