102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Әріптес келбеті

КСРО-ның ең үздік жедел уәкілі — Жеткерген

6 октября, 2020
0
КСРО-ның ең үздік жедел уәкілі — Жеткерген

Біздің мақаламыз жедел уәкілдік қызметтің жілігін шағып, майын ішкен, құрметті зейнет демалысына шықса да елі үшін істегенім аз деп еңбек жолын жалғап келе жатқан, биыл 70 жастың төріне шыққан ардақты ағамыз Жеткерген Сүйіпбергенов жайлы болмақ.
Жеткерген аға киелі Оңтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде (қазіргі Түркістан облысы Полиция департаменті) елеулі еңбек істеп, басшылық қызметтің төрінен көрінген полковник. Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, жұбайымен бірге 4 қыз бен 2 ұл өсіріп, 11 немере сүйіп отырған дана ата. Жеткерген ағаның ішкі істер органдарындағы еңбек жолы оңай болған жоқ. Қаншама қиын қыстау кезеңдерде өз еңбекқорлығымен және жедел шешім қабылдауының арқасында мақтауға тұрарлық жетістіктерге жетті. Қызметін атқару кезінде республикамыздың ірі қалаларында қылмыстың азайып, талай қандықол қылмыскерлердің азаюына өзіндік үлесін қосқан. Қылмыстық іздестіру саласында ең үздік көрсеткіш көрсетіп,
Қырандай қырағылығымен және батыл әрекетімен көптеген марапаттарды иемденген қызметкер алғыс хаттар мен грамоталар былай тұрсын, тіпті Кеңес Өкіметі кезінде қылмыстық іздестірудің ең үздік жедел уәкілі атағын да алып үлгерген. Бұл кез 1977 жылы болатын. Комсомолдың жолдамасымен қалайда полицей болып, қызмет етемін деген бозбала Шымкент қаласындағы полиция бөліміне қабылданып, небары 3 жыл ішінде елеулі еңбегі еленіп, осы атаққа лайық деп саналады. Өйткені Жеткерген Сүйіпбергенов ең қауіпті деген қылмыстық топтардың басшыларын құрықтап, өзінің алғыр да батыл мінезімен талай көзге түскен еді.
Міне осы сәттен бастап Жеткерген ағаның ұрпаққа үлгі боларлық еңбек жолы өз жалғасын тауып келеді. Үздік жедел уәкіл Жеткерген Сүйіпбергенов Шымкент қаласы Еңбекші аудандық полиция бөлімінде басшының бірінші орынбасары, Алматы қалалық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары секілді мәртебелі қызметтерді абыроймен атқарады. Сол уақыттарда еліне деген мінсіз қызметін жасап, генерал шеніне дейін жоғарылап, талай тәртіп сақшыларын мектебінен өткізеді. Болайын деп тұрған балалардың бетін қақпай, қолдан келгенше ұстаздық жасап, майталман маман атануларына өзіндік үлесін қосады.
Бүгінде полиция тәлімгерінің білімді де білікті шәкірттері беделді орындарда айнымастай қызметін атқарып жүр. Олар: полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов, полиция полковнигі Құрманбек Сахов, полиция полковнигі Еркін Іңкәровтер т.б.
— Ес білгелі полицейлер нағыз батырлар, мен де полицей болып барлық қылмыскерлерді құрықтаймын деген бала арманмен өмір сүрдік. Соның жетегімен заң саласын жіті меңгеріп, халқыма деген қызметімізді жасадық. Мамандығымда қиыншылық кездессе де жеңіп, өзімнің нағыз қызметке лайық адам екенімді дәлелдеймін деп, елді шулатқан талай қандықол қылмыскерлерді ұстадық. Әрбір қаскөй қамалып, адамдардың разылығын алғанда жанымыз жай табатын. Біреуі болса да азайды, енді келесі қылмыстық іске кірісіп, соны орындауым керек деп еңбек ете бердік. Уақыт тез өте шыққандай, зейнеткерлікке де аяқ бастық. Өмірім текке өтті демеймін. Еңбегім еленді. Алғысқа бөлендім. Бірақ өзімнің ішкі істер саласына сіңіп кеткенім соншалық, бүгінде зейнетке шықсам да әріптестеріме пайдам тисін, олар да ендігі уақытта жұмысының жемісін көрсін деген ниетпен «Қылмыстық іздестіру ардагерлерінің қорын» құрып, жұмысын ұйымдастырып келемін. Ай сайын қашанда қызметте адалдық танытып, жанашырлық білдіріп тұратын жомарт жандармен қорымызға ақша жиылып тұрады. Ол ақшамыз қомақты қаржыға айналғанда игі іске жұмсалады. Мен үшін бүгінгі жетістігім осы,- дейді Жеткерген аға.
Ия ағамыздың айтып отырған жетістіктеріне тоқталар болсақ. Ардагерлер қорының жұмысының арқасында 22 зейнеткер денсаулығын дұрыстап, демалып қайту үшін санаторияларға жіберілген. Екі ардагердің үйіне толығымен жөндеу жұмыстары жасалған. Сондай-ақ ескерткіш тақталары қойылып, кітаптар шығарылып, түрлі қайырымдылық шараларын өткізілген. Қордың төрағасы Жеткерген аға мен атқарушы директоры Ахмаджан Мухитдинов сауаты мен сыпайылығы келіскен, ел игілігі жолында атқарып отырған істеріне жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың бірі екендіктерін осылайша дәлелдеп келеді.
Қашанда қиындыққа мойымай, ауыр қылмыстарды ашып, әккі қылмыскерлерді құрықтап ерен еңбегімен ел алғысына бөленіп жүрген Жеткерген ағаға бізде мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледік. Қылмыстық іздестіру күнімен баршаларыңызды құттықтай отырып, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ тілейміз. Еліміз аман, бейбіт заман болғай!

Г.Әбдірахманқызы
Түркістан облысы Полиция департаменті

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысы полицейлері құжаттарын жоғалтып алған қарт тұрғынның құжатын қайта   жасап берді

Түркістан облысы полицейлері құжаттарын жоғалтып алған қарт тұрғынның құжатын қайта жасап берді

Түркістан облысында полицейлер бірнеше бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар күдіктіні  ұстады

Түркістан облысында полицейлер бірнеше бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар күдіктіні ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым