102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Зейнеткер Мұса ағаның еңбек жолы көпке үлгі

6 октября, 2020
0
Зейнеткер Мұса ағаның еңбек жолы көпке үлгі

Цатишаев Мұса Абдуллағапұлы ішкі істер саласында абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер аға. Ол 1965 жылы 14 ақпанда дүниеге келген. Мұса аға ішкі істер органдарында өзінің бүкіл еңбек жолын жасап, жедел уәкілдік қызметті жіті меңгерген. Ол 14 жыл бойы ішкі істер органдарындағы басшылық қызметін адал атқарып, өз қолтаңбасын қалдырған майталман маман. Мамандығына шын берілген қызметкер көптеген шәкірттерді тәрбиелеп, жол көрсетіп, үлгілі тәлімгер бола білді. Оның тәлімін алған қызметкерлердің ішінде біразы үлгілі еңбек етуде. Өз заманында талай қандықол қылмыскерлерді құрықтап, ашылуы кідірген қылмыстарды дер кезінде аша білді. Солардың біріне тоқталар болсақ, бұл оқиға осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған болатын.
«Қарақшылық шабуылмен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырушысымен бірге ұстаған едік. Топтың Руп есімді басшысы бұрын-соңды бірнеше рет сотты болған, Қостанайдың тумасы. Түрмеден шыққан соң, ескі әдетіне басып қайтадан қылмысқа барады. Ол өзінің сыбайластарымен бірге қарақшылық іс-әрекетін түнгі уақытта жүзеге асырған болатын. Қарақшылар тобы беттеріне бетперде киіп алып, жәбірленушілердің үйіне баса көктеп кіріп, алтын бұйымдары мен ақшалары қайда тұрғанын айтпасаң, үтікпен күйдіремін деп қинап, бағалы заттарын алып кеткен. Жауапкершілікті іс сол кезде басшылық тарапынан бізге тапсырылды. Олардың ізіне түсіп, анықтап, жасаған қылмыстарын тайға таңба басқандай дәлелдеп шықтық. Айғақты заттарды да алдық. Сондай-ақ бұл қылмыстық топта басшысынан бөлек 11 адам болған, оларды да көп ұзамай қолға түсірдік. Көптомды істің көптігі сонша сотта том-том істерді залға қап-қабымен алып шыққаны әлі есімде. Куә болған жәбірленушілер де Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Әділдік жеңіп, қылмыскерлер темір торға тоғытылды…» деп еске алады Мұса Цатишаев.
Мамандығын мақтан тұтқан Мұса Цатишаев өз ісінің нағыз шебері екендігін осындай қылмыс қатарларын ашу арқылы дәлелдеген. Алайда қызметке берілген маман, өзінің отбасылық өмірін кейінге шегеріп жүріп, зейнет уақытының келгендігін байқамай қалады. Кеш те болса, өзінің өмірлік жарын дәл тауып, оған ниетін білдіріп бас қосады. Ішкі істер саласының үлгілі қызметкерінің жанын бірден түсінген және өзі секілді ішкі істер саласының маманы болған Серікбаева Жанар Сазанқызымен бас қосып, бүгінде бақытты ғұмыр кешуде.
Еңбектерінің жемісін көріп отырған қос жұптың Арзу атты қызы бар. Зейнет шағында әке атанған Мұса аға бар махаббатын өз отбасына арнап, өмірін мәнді өткізуге бет бұрған.
Полиция подполковнигі шенімен ішкі істер органдарының зейнеткері атанған Мұса ағаның жастарға үлгі боларлық өмір жолы міне осындай.

Гүлнар Әбдірахманқызы.
Түркістан облысы полиция департаменті

ShareTweetPin
Next Post
КСРО-ның ең үздік жедел уәкілі — Жеткерген

КСРО-ның ең үздік жедел уәкілі - Жеткерген

Түркістан облысы полицейлері құжаттарын жоғалтып алған қарт тұрғынның құжатын қайта   жасап берді

Түркістан облысы полицейлері құжаттарын жоғалтып алған қарт тұрғынның құжатын қайта жасап берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым