102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Тұрғындар жол-апаты кезінде көмектесіп, құтқарып қалған полицейлерге алғысын айтты

4 октября, 2020
0
Тұрғындар жол-апаты кезінде көмектесіп, құтқарып қалған полицейлерге алғысын айтты

Түркістан қалалық полиция басқармасының бірқатар полицейлері оқу-жаттығу сабағынан келе жатып, Шымкент-Самара тас жолында орын алған жол-көлік оқиғасының куәсі болады. Көмек қажет екенін бірден топшылаған полицейлер жедел-жәрдем мен Ордабасы АПБ-не хабарлап, өздері оқиға орнына шұғыл жетеді. Тексеру барысында полицейлер «Ауди-100» маркалы көліктің жүргізушісі жылдамдықты тежей алмай, жүк көлігінің артқы бөлігінен соғып, кіріп кеткенін анықтайды.
Содан полицейлер көмек келемін дегенше, құр тұрмай жолаушыларды аман алып қалудың жағдайын жасайды. Тез арада жолды жауып, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерді құтқару жұмыстарын жүргізеді. Қажетті құрал-саймандарды шұғыл тауып, жүк көлігінің артына кіріп кеткен «Аудиді» шығаруға барын салады. Содан шұғыл әрі тиімді жұмыстар жүргізіп, полицейлер көлікті сүйреп-тартып шығарады. Көліктің артында отырған 3 жолаушыны бірден сыртқа шығарып үлгереді. Ал, қатты соққыдан қыстырылып қалған жүргізуші мен алдында отырған жолаушыны көліктің есігін бұзу арқылы босатып, құтқарып қалады. Содан жол-апатынан жәбірленушілер ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіледі.
Өз кезегінде жол-апатынан аман қалған жолаушылар полицейлерге ризашылықтарын жеткізді. «Ойламаған жерден апатқа түстік. Осыдан аман қалмайтын шығармыз деп едік. Алайда, құтқарушы ретінде бізге полицейлер келіп, былайша айтқанда өлімнен құтқарып қалды, бізге қайта өмір сыйлады. Өздерінің кәсіби шеберлігі мен жеделділіктері арқасында міне, біздер дін-аманбыз. Алла разы болсын, оларға!»-деп көмек қолдарын созған түркістандық полицейлерге алғыстарын жаудырды.
Ал, тәртіп сақшылары қашанда халықтың амандығы мен тыныштығы үшін аянбай қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді. Олар өз сөздерінде кез келген қиыншылықта тұрғындарға қорған болуға даяррмыз деп атап өтті.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Болат Қаныбеков: «Төгілген тер ақталып, жұмыс бағаланады»

Болат Қаныбеков: «Төгілген тер ақталып, жұмыс бағаланады»

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның бұқасын сойып, етін сатпақ болған күдіктілерді ұстады

Түркістан облысы полицейлері тұрғынның бұқасын сойып, етін сатпақ болған күдіктілерді ұстады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым