Түркістан облысы полицейлері браконьерлік және табиғат қорғау заңнамасын бұзу жайттарын болдырмау және анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Осындай шара барысында Ордабасы ауданы Бөген су қоймасынан заңсыз балық аулап жүрген Бәйдібек ауданының екі азаматы анықталды.
Тәртіп сақшылары ұсталған екі тұрғыннан айғақты зат ретінде балық аулауға қажетті тормен бірге 105 дана әртүрлі балық түрлерін тәркіледі. Күдіктілердің бас шарасы қолхатта. Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша тіркелді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері балық ресурстарын заңсыз аулау саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




