Бүгін, Түркістан облысы аумағында 4 автокөліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты орын алған жерге бірден тәртіп сақшылары шықты. Полицейлердің анықтауы бойынша Кентау-Түркістан тас жолында «Лексус», «Фольксваген», «Даево» и «ВАЗ» көліктері соқтығысқан.
Жол көлік оқиғасының салдарынан «Даево Нексиа» көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Осы көліктің тағы да екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Кентау қаласының ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс жасауда — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Толық мәнжай тергеу барысында анықталады.
Сондықтан барша көлік жүргізушілеріне ескертеміз, әрдайым жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! Бұл өзіңіздің де өзгенің қауіпсіздігі үшін маңызды!
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




