Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, сауда жасайтын жұмыс орнынан белгісіз біреу сөмкесіндегі 180 000 теңгесін жымқырып кеткенін айтқан. Оқиғаны түлкібастық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алып, шұғыл іздестіру жұмыстарын жасады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары шамамен орта жастағы әйелді ақпарат көздері мен бейнекамераның көмегі арқылы тәулік ішінде ұстады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай күдікті деп танылған азаматшаның жұмыссыз және бұрын осындай алаяқтық жолмен сотты болғаны анықталды. Сондай-ақ білікті полицейлер күдіктінің қолды қылған ақшаны өз пайдасына жаратып жібергенін растады. Қазіргі таңда ұсталған әйелге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға өз мүліктеріне ие болуды, қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыз.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




