102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

«Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауында Түркістан облысынан сынға түскен шығармалар жоғары орыннан көрінді

29 июня, 2021
0
«Серт» республикалық детективтік шығармалар байқауында Түркістан облысынан сынға түскен шығармалар жоғары орыннан көрінді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР ІІМ республикалық детективтік шығармалар байқауын ұйымдастырды. Яғни алғаш рет республика көлемінде өткізілген «Серт» детективтік шығармалар байқауына 30-дан астам шығарма келіп түсіп, бақ сынасты. Бұл шығармалар қалың оқырманға белгілі емес және бұрын соңды ешжерде жарияланбаған.
Аталмыш шығармаларда жазушылар мен журналистердің қаламы арқылы полицейлердің шынайы бейнесі айқын көрініс тапқан. Сондықтан құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева, жазушы-аудармашы, ақын, кинорежиссер Бақытжан Қанапиянов, жазушы-журналист Александр Тараков және басқа да көрнекті мәдениет, өнер және журналистика өкілдері бар қазылар алқасына мықтылардың ішінен мықтыларды анықтау оңай болған жоқ.
Республикалық байқау 6 ай бойы жалғасын тапты. Шығармалар жан-жақты сараланып, стиль, грамматика, орфография мен әдебилігі секілді т.б. түрлі тұстарынан тексерілді. Нәтижесінде бас жүлдені Павлодар облысынан “Қатаң режим” туындысының авторы Дихан Баймұхамбетов, І-орынды Түркістан облысынан “Шымкенттегі шырғалаң” шығармасының авторы Анарбек Мұхтар Тұрғанбекұлы, ІІ-орынды Павлодар қаласынан “Екеудің көлеңкесі” туындысының авторы Алпысбай Хонжы мен Алматы қаласынан “Мажоры” шығармасының авторы Бекболат Сарбасов алды
Одан бөлек ІІІ орынды “Адьюторлар” шығармасы үшін Нұр-Сұлтан қаласынан Екатерина Паевская, “Болмаған той” Жадыра Шамұратова, “Чикаго” әңгімесімен Ернұр Әзімбаев қанжығасына байлады — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Киелі Түркістан өңірінен сынға түскен «Шымкенттегі шырғалаң» шығармасының авторы Анарбек Мұхтар Тұрғанбекұлы қалың оқырманға бірқатар шығармалары жол тартқан жазушылардың бірі. Ол 1967 жылдың 2 қазанында дүниеге келген. 1992 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін аяқтаған. 1992-1997 жылдар аралығында республикалық мерзімдік басылымдарда жұмыс жасаған. Бұған дейін ол мемлекеттік, әскери қызметтерде ел үшін қызмет еткен.
-Мен «Серт» байқауына шығармамды көктем мезгілінде жазып, жолдадым. Онда басты кейіпкерлер ішкі істер саласының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Яғни 1992 жылы сотталғандарды таситын вагоннан бір топ түрмешіктер қашып шығады. Олар Қызылорда-Сарыағаш деген жолаушылар автобусына шабуыл жасап, ішіндегі тұрғындардың барлығын кепілге алады. Сол кезде қауіпсіздікті қамтамасыз еткен Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды құрықтау мен жолаушыларды аман алып қалу үшін барлық жедел шараларды атқарды. Бірігіп, жоспарлы түрде біріккен операцияны іске асырды. Нәтижесінде қызметкерлердің кәсібиліктерінің арқасында түрмешіктердің барлығы ұсталып, кепілге алынған қарапайым тұрғындар дін аман босатылды. Яғни өз шығармамда мен сол кейіпкерлердің атқарған қызметі мен кәсібиліктерін көрсетуге тырыстым, — дейді І-орынды жеңіп алған шығарманың авторы Анарбек Мұхтар Тұрғанбекұлы.
Аталмыш «Серт» байқауында жұбаныш сыйлықтары да табысталды. Олардың ішінде Түркістан облысынан ақын Айдарбек Байділдә Жартайұлының «Суицид» және Асқарова Азиза Ержанқызының «Көрінбейтін қарақшы» шығармалары бар.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Бәйдібек ауданының бас полицейі ауыл тұрғындарымен кездесті

Бәйдібек ауданының бас полицейі ауыл тұрғындарымен кездесті

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 43 келіден астам есірткі заттары алынған

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 43 келіден астам есірткі заттары алынған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым