Кентау қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы өтуде. Басты мақсат – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау, отбасындағы татулықты нығайту, отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген балаларға психологиялық көмек көрсету, қолдау.
Акция аясында көптеген іс шаралар ұйымдастырылып жатыр. Мәселен, Кентау ҚПБ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторлары тұрғындарды қабылдап, кеңес беруде. Қалалық полиция бөлімінің «Азаматтарды қабылдау кеңсесінде» және аумақтағы учаскелік полиция бөлімшелерінде әйел азаматшалардың мәселелерін тыңдауда. Одан бөлек, арнайы жадынамалар жазылған жүзден астам парақшалар қоғамдық орындарда таратылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түсіндірме жұмысы барысында ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіндерге түсністікпен қарап, ажырасуға, зорлық зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер берілді және әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




