Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 21-30 маусым аралығында республика көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өткізілуде. Осы акция кезінде Жетісай АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы полиция капитаны Жанна Шалбекова Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келген әйел азаматшалар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — дәстүрлі отбасылық құндылықтарын және қоғамның адамгершілік қағидаларын жаңарту, неке бұзушылық пен зорлық-зомбылыққа дейін жеткізетін іс — әрекеттерді болдырмауға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңгерлік консультация беру, сондай-ақ, өңірлерде сенім телефондары мен дағдарыстық орталықтарының бар екені туралы халыққа хабарлау болып табылады. Сондай — ақ акция аясында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесінің бойында баннер орнатылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Отбасы — әр адамның өмірінде, қоғам мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. Өйткені отбасы махаббат пен қолдаудың сарқылмас бұлағы. Мықты әрі берік отбасы кез-келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді».Ендеше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Осындай қандай да бір жайсыз жағдайдың куәгері немесе жәбірленушісі болсаңыз, бірден тиісті орындарға хабарласып, өз құқығыңызды қорғаңыз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




