Қазығұрт АПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов аудандағы «Нұр-Отан» партиясының филиалында тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде сұқбат берді. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында өрбіген әңгіме барысында желі қолданушылары өздерінің көкейінде жүрген түрлі сауалдарын қойып, полиция басшысы тарапынан толыққанды жауап алды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар жергілікті тұрғын болып келетін азаматша ауданның бас тәртіп сақшысымен тікелей кездесуге келді. Шешілмей жүрген мәселелерін сөз етіп, сұрағына нақты жауабын алды. Соған қоса полиция қызметкерлерінің атқарып жүрген қызметтеріне шынайы ризашылығын білдірді: «Полицейлердің жұмыстары өте ауыр. Осыған қарамастан халықпен де тығыз байланыста болады. Кез-келген жағдайда көмек қолын созуға әрдайым дайын тұрады. Өз басым тәртіп сақшыларына алғыс айтамын. Жұмыстарына тек сәттілік, табыс тілеймін»,-деп алғысын жаудырды.
Өздеріңізге белгілі, қазіргі карантин жағдайына байланысты халықтың қауіпсіздігі мақсатында азаматтарды жеке қабылдау уақытша тоқтатылып тұр. Десекте қазығұрттық полицейлер тұрғындармен кері байланысқа шығуға қашанда уақыт табады.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




