Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша кешкі сағат 19:00 шамасында үйінің сыртында тұрған «Опель вектра» маркалы автокөлігінен «Honnor-20» ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 150 000 теңгеге жуық. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Тәжірибелі түркістандық тәртіп сақшыларынан құрылған жедел-тергеу тобы бірден іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды тез арада аралап, куәгерлерден жауап алды. Келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны Түркістан ҚПБ-ның тергеу бөліміне жеткізді. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Бас шарасы қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай жәбірленуші азамат автокөлігін сыртқа қойып, үйіне кіріп кеткен. Бірер минуттардан соң шыққанында ұялы телефонының жоқтығын көріп, бірден полиция қызметкерлеріне ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған.
Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері өз мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Егер, сіз, ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




