Жетісай ауданының полицейлері жол ережесін бұзушыларды анықтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты өткізіп отырады. Осындай кезекті жұмыс күнінде Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Қанат Төлеуов кезекті әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Тәртіп сақшысы, Жетісай қаласы М.Әуезов көшесінде «Volkswagen passat» маркалы көлікті терезесін күңгірттеп алғаны үшін тоқтатады. Автокөліктің құжаттарын тексеріп, әкімшілік хаттама толтыру кезінде көлік жүргізушісі жауапкершіліктен жалтару мақсатында қаша жөнеледі. Сол сәтте полицей соңынан қуып жетіп, құқық бұзушыны ұстап, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі «Жүргізуші орнынан көруді шектейтін заттарды орнату немесе к/қ алдыңғы және алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабындарды / пленкаларды жапсыру» бойынша хаттама толтырды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап. Көлік айыптұраққа қойылды.
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жол қозғалысы ережесін сақтауды қатаң ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы — жүргізуші куәлігінен айыруға, әкімшілік қамауға немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Сондықтан жолда барынша абай болыңыз, көлігіңізді, құжаттарыңызды заңға сай етіп алып жүруді дағдыға айналдырыңыз! Сонымен қатар өз қызметтік міндетін атқаруға келген билік өкілдеріне бағынбай, қандай да бір теріс әрекет көрсетпеуді ескертеді. Сондықтан қарсылық көрсетіп, құқық бұзушылық жасағанша, өз қауіпсіздігіңізді ескеріп, заң талаптарына бағынғандарыңыз жөн.
Егер, сіз де, осындай оқиғалардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз полицейлерге хабар беріңіз!
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




