Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері күнделікті карантин талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде. 2021 жылдың 19-маусымында сағат 12:00-де Сайрам көшесі №166 үйде орналасқан «Гранд Хадиша» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Нақтырағы, 40 адамнан асатын «Тұсау кесер» той жасап жатқаны анықталды. Сондай-ақ, қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, карантин талаптарын ескермей жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі




