Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің және Түркістан облысы ПД тапсырмасына сәйкес тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және заңсыз көші-қонның жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара Түркістан қаласы Полиция басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері бірлесуімен өткізілді. Ондағы мақсат — облыс орталығы аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, дәстүрлі емес діни ағымдағы азаматтарды оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылықтарды анықтау.
Аталған шара барысында ПБ-ға 570 шетел азаматтары жеткізілді. Оның ішінде, дәстүрлі емес діни ағымдағы күмән келтіретін 70 азамат, ал ықтимал қауіпі бар шетел азаматтар саны 11. Қазақстан Республикасы аумағынан 6 шетел азаматы аластатылды. Қалған 4 шетел азаматымен жұмыс атқарылуда.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы аумағында заңсыз жүрген 84 шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен «Шетелдіктің немесе азамттығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтық көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы» әкімшілік хаттама толтырылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қабылдаушы тараптағы азаматтардан 12 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 жеке кәсіпкерге заңсыз жұмыс күшін тартқаны үшін шара көрілді. Өзбекстан Республикасының 40 азаматына Заңды шешім қабылдау үшін, әкімшілік істер Түркістан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




