Отырар ауданында күшейтілген режимде Отырар АПБ жеке құрамының қатысуымен «Қауіпсіз аудан» жедел-профилактикалық шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – суға түсу маусымының басталғанына байланысты жасөспірімдердің өміріне қатер төндіретін сәтсіз оқиғалардың алдын алу. Іс-шара кезінде полицейлер тұрғындарға алғашқы медициналық көмекті қалай жасау керектігін түсіндіріп, белгіленбеген аумақтарға суға түспеулерін ерекше назарда ұстауда.
Үш күндік рейдтік іс-шаралар нәтижесінде Отырар АПБ-нің полиция қызметкерлері ауданнан ағып өтетін «Сырдария», «Арыс» өзендері және Шәуілдір ауылы орталығындағы канал бойында жалпы 104 құқықбұзушылықты анықтады. Аталған жайттарға байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар тыйым салынған аймақтарғасуға түсуге болмайтындығы туралы жазылған тақтайшалар орнатылды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Осы тұста Түркістан облысының полицейлері қарапайым ережелерді сақтау өз қолыңызда екенін ұмытпауға шақырады. Белгіленбеген аймақтарға суға түсіп, өмірлеріңізге қауіп төндірмеңіздер.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі




