Түркістан қаласында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Басты мақсат – облысы аумағында криминогендік ахуалды оңалту, масаң күйде, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол бермеу, құқық бұзушылық профилактикасы бойынша жағдайды тұрақтандыру, ішкі істер органдарының халық арасындағы беделі мен имиджін көтеру және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Іс-шара барысында ҚПБ тізімдік және профилактикалық есебінде тұрған 228 азамат тексерілді. Оның ішінде қорғау нұсөамасы шығарылған, сотпен ерекше талапқа қойылған, маскүнем, нашақор және жайсыз отбасы есебінде есебінде азаматтар бар — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жалпы ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 13 құқықбұзушылық анықталды. Сонымен қатар 7 тұрғын қорғау нұсқамасына, 2 тұрғын жайсыз отбасы есебіне алынды. Іс-шара барысында 174 профилактикалық сұхбат жүргізілді.
Өздеріңіз белгілі отбасылық дау-дамайдың, ішімдікке салынып, зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу аясында учаскелік полиция инспекторлары қолда бар барлық ықпал ету нысандарын пайдалана отырып, қарқынды жұмыстар атқаруда. Яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау және олармен профилактикалық әңгімелесулер жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жұмыстар учаскелік полицейдің күнделікті атқаратын әрекеттері. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек.




