Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол әйелдің айтуынша, түнгі уақытта үйіне белгісіз біреу кіріп 3 бірдей ұялы телефонын жымқырып кеткенін көрсеткен. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 150 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағытталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні «ізін суытпай» 3 сағат ішінде ұстады. Күдікті азамат жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде қолды болған ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бас шарасы қолхатта.
Белгілі болғандай күдікті жас азамат түңгі уақытта тұрғынның есігінің ашық екенін көріп, арам ойын жүзеге асырғысы келген. Содан соң іштегі үстел үстіндегі тұрған ұялы телефонды көріп, жымқыру ойы туындаған. Осылайша полицейлер күдіктінің бұдан алдында осындай ұрлыққа қатысы барын анықтады.
Өз кезегінде полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полиция қызметкерлеріне хабар беріңіздер.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




