Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша үйінің алдында көше бойында тұрған «Камаз» автокөлігінен құны 50000 теңге тұратын 2 дана аккумуляторын белгісіз азамат жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 100 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орын алған жерге жедел жетті. Осылайша тәртіп сақшылар қылмысты ашуға бағытталған барлық іс-шараларды жүргізді. Осындай жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде шардаралық полицейлер күдікті азаматты тәулік ішінде жергілікті мекенжайынан ұстады. Бүгінде осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай күдікті азамат түнгі уақытта көше бойында тұрған Камаз автокөлігін көріп оның аккумуляторына көзі түскен. Оңай жолмен ақша табуды көздеп, айналада адамдардың жоқтығын пайдаланып, өзінің басқаруындағы автокөлікке салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Содан соң өзінің досына 2 дана аккумуляторды 50 мың теңгеге бағалап сатып жіберген. Ұрланған аккумуляторлар айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне табысталды. Бүгінгі таңда ұсталған орта жастағы азамат қолхатта — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы полицейлері ұрлық қылмысының алдын алу үшін, сауда орындарына, ғимараттарға, үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Ұрлық орын алған сәтте, тез арада полицияның «102» телефоны арқылы хабар беріңіздер деп ескертеді.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




