2021 жылдың 9-маусымында Шымкент ҚПД «102» нөміріне жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, өзінің танысы «Жұмыс істеуші жастар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесінде жұмыс істейтін таныс ағасы арқылы үй алып беремін деп, алаяқтық жолмен 1.000.000 теңге алып кеткен, алайда үй алып бермей не ақшасын да қайтармай қашып жүргенін көрсеткен.
Тәртіп сақшыларының жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді.




