102info.kz
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы
  • Байланыс
No Result
View All Result
102info.kz
No Result
View All Result
Home Түркістан облысы

Қару жасырған 63 жастағы Өзбекстан Республикасының тұрғыны сотталды

9 июня, 2021
0
Қару жасырған 63 жастағы Өзбекстан Республикасының тұрғыны сотталды

Түркістан облысы ПД Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің тергеушілеріне қойшының қорада заңсыз қолдан жасалған қару сақтайтыны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, аталмыш азаматтың жеке-басы мен мекенжайын анықтай бастады. Полицейлердің тексеруі кезінде аталмыш іске қатысы бар күдікті Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінің мал жайылымында қойшы болып жұмыс істейтін Өзбекстан Республикасының тұрғыны болып шықты. Полицейлер қойшының үйі мен қора-жайын тінту барысында орналасқан жерінен 10-15 метр қашықтықта жердің астына көмілген қару мен оның оқтарын тәркілеп алды. Қару бірден сараптамаға жіберіліп, нәтижесінде қолдан жасалған 16 калибрлі қос ауызды шолақ мылтық екені расталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиғаның басы қасында болып, тергеудің тиянақты жүргізілуін қадағалаған Сарыағаш АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Қуаныш Байзақов:
«Бұл жайт бойынша біздің тергеушілермен ҚР ҚК-нің екі бірдей бабымен, 287-бап «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», 288-бап «Қаруды заңсыз жасау» қылмыстық іс қозғалды. Себебі Өзбекстан Республикасының азаматы ешжерде тіркелмеген қаруды қолдан жасап, оны заңсыз сақтаған. Тергеушілер тергеу жұмыстарын өз деңгейінде жүргізді. Күдіктіге қатысты барлық сотқа дейінгі тергеу амалдары атқарылды. Заң аясында құжаттар жинақталды. Содан соң қылмыстық істі Сарыағаш ауданындағы сотқа жолданды. Әрине сот 63 жастағы күдіктінің жасаған қылмысына сай шешімін шығарды. Яғни Өзбекстан Республикасының 63 жасар тұрғыны елден 5 жыл мерзімге тысқары жерге шығарыла отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.», — деп қорытындылады өз сөзін.
Киелі өңір сақшылары тұрғындардың амандығы мен қауіпсіздігі үшін заңсыз әрекеттерге бармау керектігін ескертеді. Елімізде белгіленген заң нормалары бар, ендеше соның аясында әрекет етейік. Ал егер де қылмыс орын алса не болмаса ұйымдастырылып жатса, онда бірден 102 нөміріне хабар беріңіз. Дер кезінде берілген ақпарат маңызды!

ТО ПД-нің баспасөз қызметі

ShareTweetPin
Next Post
Түркістан облысының полицейлерімен 5 тәулікте есірткіге байланысты 16 қылмыс анықталды

Түркістан облысының полицейлерімен 5 тәулікте есірткіге байланысты 16 қылмыс анықталды

Шомылу орындарында болатын сәтсіз  оқиғалардың алдын алуға кірісті

Шомылу орындарында болатын сәтсіз оқиғалардың алдын алуға кірісті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Online оқи жүріңіз!

Currently Playing

Ең көп қаралғаны

  • Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    Түркістан қаласында 5 адамның өліміне қатысы бар екі ЖШС-ның директоры 4 жылға бас бостандықтарынан айырылды

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан облысының полицейлері екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Полицейлер рейдтік шара кезінде кеурек өсімдігін қазған 51 шетелдікті анықтады

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Түркістан қаласында орнатылған бірқатар бейнебақылау камералары 1 наурыздан бастап іске қосылмақ

    0 shares
    Share 0 Tweet 0
  • Су қоймада жанжал көтерген азаматтан пышақ тәркіленіп алынды.

    0 shares
    Share 0 Tweet 0

Басылым жайлы

Меншік иесі: "ЖК Туганбаев Б."

Бас редактор: Базаркүл Ақынқызы


Мекенжай:

Шымкент қаласы,16 ықшам ауданы,20-үй,6-пәтер

e-mail:arnat20@mail.ru

Мұрағат

  • Февраль 2024
  • Июль 2023
  • Май 2023
  • Апрель 2023
  • Март 2023
  • Февраль 2023
  • Январь 2023
  • Декабрь 2022
  • Ноябрь 2022
  • Октябрь 2022
  • Сентябрь 2022
  • Август 2022
  • Июль 2022
  • Июнь 2022
  • Май 2022
  • Апрель 2022
  • Март 2022
  • Февраль 2022
  • Январь 2022
  • Декабрь 2021
  • Ноябрь 2021
  • Октябрь 2021
  • Сентябрь 2021
  • Август 2021
  • Июль 2021
  • Июнь 2021
  • Май 2021
  • Апрель 2021
  • Март 2021
  • Февраль 2021
  • Январь 2021
  • Декабрь 2020
  • Ноябрь 2020
  • Октябрь 2020
  • Сентябрь 2020
  • Май 2020
  • Апрель 2020

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Аймақ айшығы
  • Әріптес келбеті
  • Қоғам және заң
  • Түркістан облысы

© 2020 102 құқықтық, ақпараттық-танымдық басылым