ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жетісай ауданының аумағында «Балақай – жолда абай бол!» іс-шарасы өтті.
Жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған іс – шараға Жетісай қаласындағы №7 «Д.Қонаев» жалпы орта мектебінің оқушылары мен осы мектеп оқушылары қатарынан құрылған жас полиция инспекторлары қатысты.
Жеткіншектерге жолда жүру ережесінің талаптары түсіндіріліп, жол белгілері таныстырылды. Жолдың келесі бетіне өту кезінде жолдың қауіпсіздігіне көз жеткізгеннен соң өту қажеттігі, әрбір жол белгілеріне мұқият зер салу керектігі бойынша кеңестер берілді — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер балалармен бірге жолдан өтіп, көлік пен бағдаршамның, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды. Жолдан өтерде ұялы телефон ұстамауды және музыка тыңдамауды ескертті.




