1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні! Жаздың алғашқы күні осындай керемет мерекемен бастау алатыны баршамызға белгілі. Бұл күнді біздің балаларымыздың барлығы асыға күтеді. Аталған мереке қарсаңында Ордабасы АПБ-ның қызметкерлері балалар арасында онлайн өнер байқауын ұйымдастырды. Бұл талантымен талайды тәнті етуді қалайтын өнерлі жандарға үлкен мүмкіндік берді. Осыған байланысты бірнеше балалар өз бақтарын сынады.
Ағайынды 13 жасар Мұнар Абибулла мен 11 жасар Мардан Абибулла домыраның құлағында ойнап, өз өнерлерін көрсетсе, 8 жастағы Даниял Бекбаев пен 6 жасар Нұрикамал Бекбаева екі тілде өлең оқып, талайды тәнті етті. Байқау қорытындысында балалардың көңілін көтеріп, қуанту мақсатында сыйлықтар табысталды — деп хабарлайды 102info.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түркістан облысы полицейлері үнемі кішкентай балалар мен аналарға жақсылық жасап, жәрдемші болуға ықпал етіп келеді. Қолдарынан келгенше, қиын да қауіпті жұмыстарынан бөлек уақыт тауып, жанұяларға арнайы баруда. Бұл бағытта жұмыстар алдағы күндері де жасала бермек.
ТО ПД-нің баспасөз қызметі




